23 мамыр 2022 06:57

Аргентинада маймыл шешегі анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Аргентиналық мамандар маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы ықтимал жағдайын зерттеп жатыр, - деп хабарлайды RT арнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентиналық мамандар маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы ықтимал жағдайын зерттеп жатыр, - деп хабарлайды RT арнасы.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Испаниядан оралған Буэнос-Айрес провинциясының тұрғынында маймыл шешегіне ұқсас белгілер анықталған.

"Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінің ықтимал жағдайы туралы хабарлады. Буэнос-Айрес қаласында осы аурудың белгілері бар науқас анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Науқастың жағдайы жақсы, бірақ оқшауланған.

Айта кетейік, маймыл шешегі Ұлыбританияда, Испанияда, АҚШ-та және Португалияда тіркелген болатын.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалаған еді. Ал Перу үкіметі маймыл шешегі өршуіне байланысты дабыл қақты.

Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл - 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.

Еске салайық, бұған дейін маймыл шешегі адамға жұғуына байланысты ДДСҰ түсінік бергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады