Армения премьері Пашинян полиция басшысы мен ҰҚҚ директорын қызметтен босатуды ұсынды

Никол Пашинян. © REUTERS

Арменияны? жа?а та?айындал?ан премьері Никол Пашинян ел президенті Армен Саркисян?а полиция басшысы мен ?лтты? ?ауіпсіздік ?ызметі директорын ж?мыстан шы?аруды ?сын?анын м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Арменияның жаңа тағайындалған премьері Никол Пашинян ел президенті Армен Саркисянға полиция басшысы мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі директорын жұмыстан шығаруды ұсынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазір ғана президентке полиция басшысы Владимир Гаспарян мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі директоры Георгий Кутонянды жұмыстан шығару туралы ұсынысыма қол қойдым", - деп жазды Пашинян Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Арменияның ұлттық жиыны (парламент) 8 мамырда "Азаматтық келісім" оппозициялық партиясының әрі "Елк" фракциясының лидері Никол Пашинянды премьер сайлаған.  

Реклама
Реклама

Серж Саргсянның Армения премьері болып сайлануына қатысты акциялар 13 сәуірде басталған еді. Саргсян 2008 және 2013 жылдары президент қызметіне екі рет сайланған. Оппозиция оны тиімсіз ел басқарды және экономикалық жағдайды құлдыратты деп айыптады. 17 сәуірде оппозиция "барқыт революциясын" жариялады. Наразылыққа қарамастан Армения парламенті сол күні Саргсянды министрлер кабинетінің басшысы етіп сайлады.

Ал оның алдында конституцияға премьерге кеңейтілген құзырет беретін өзгерістер енгізілген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама