Армениядағы митинг: Оппозиция өкілдері жолдарды жауып тастады

© РИА Новости

Ереванда елді? экс-президенті Серж Саргсянны? Арменияны? премьер-министрі болып сайлан?анына ?арсы наразалы? шаралары жал?асып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ереванда елдің экс-президенті Серж Саргсянның Арменияның премьер-министрі болып сайланғанына қарсы наразалық шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, наразылық акциялары Ереванның түрлі аудандарында өтіп жатыр. Демонстранттар қаладағы жолдарды, сондай-ақ, қалааралық жолдарды жауып тастаған. Тәртіп сақшылары өз кезегінде осы шараға қатысып жатқандарды ұстаумен айналыса бастады. Ұсталғандардың саны 10-ға жеткен.

Еске сала кетейік, Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның жаңа қызметке тағайындалуына қатысты наразылық шаралары 13 сәуірден бері жалғасып жатыр. Митингке қатысушылар дүйсенбі күні парламенттің ғимаратына баса-көктеп кірмекші болған еді. Полициядағылар оларды ұстап, салдарынан 10-ға жуық адам зардап шеккен болатын.

Реклама
Реклама

Наразылық шараларына қарамастан Армения парламенті Серж Саргсянды премьер-министр қызметіне тағайындады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама