13 қыркүйек 2022 | 14:45

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қақтығыс: 49 әскери қызметші қаза тапқан

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Әзербайжан қарулы күштерімен түнгі қақтығыс кезінде Арменияның 49 әскери қызметшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Арменияға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әзербайжан қарулы күштерімен түнгі қақтығыс кезінде Арменияның 49 әскери қызметшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Арменияға сілтеме жасап.

Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

"Қазір Арменияның Қорғаныс министрлігі тарапынан 49 әскери қызметкер қаза тапқаны нақтыланды. Бірақ бұл соңғы көрсеткіш емес, ақпаратты нақтылау қажет", - деді Пашинян республика парламентінде сөйлеген сөзінде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазір шайқастардың қарқындылығы бәсеңдеген. Министрлер кабинетінің басшысы Бас штаб пен Қорғаныс министрлігі жағдай мен қаза тапқандар санын бағалап жатқанын және расталған ақпаратты хабарлайтынын атап өтті.

"Қазір бір-екі бағыт бойынша Әзербайжан тарапының шабуылы жалғасып жатыр", - деді ол.

Еске салайық, 13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталған еді. Екі елдің қорғаныс министрліктері қарама-қайшы ақпарат таратып жатыр. 

Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан Қарулы күштерінің артиллерия мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы Армения территориясын атқылай бастағанын мәлімдеді. Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян әскері ауқымды арандатушылық жасады деп айыптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная