ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2020 | 07:42
Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары Ресейге кеңес үшін шақыртылды
Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрлері 9 қазанда Ресей Федерациясына Қарабақ бойынша консультация үшін шақыртылды, - деп хабарлайды РИА Новости Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей сыртқы істер министрінің бітімгершілігі аясында Әзербайжан және Армения СІМ 9 қазанда Мәскеуге осы мәселелер бойынша консультация өткізуге шақыртылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ бейсенбі кеште РФ президенті Владимир Путин әскери қақтығысты тоқтатуға шақырды.
"Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен бірнеше рет телефон арқылы сөйлескеннен кейін РФ президенті Таулы Қарабақ қақтығыс аймағында қайтыс болғандардың денесін және тұтқындарды бір-біріне беру мақсатында қақтығысты тоқтатуға шақырды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также