Армения премьер-министрі лауазымына кандидаттың көлігіне оқ атылды

Армения премьер-министрі лауазымына кандидаттың көлігіне оқ атылды Фото: ©armeniasputnik.am

Армения премьер-министрі лауазымына "Ширинян-Бабаджанян" одағынан кандидат Арман Бабаджанянның автокөлігіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Армения премьер-министрі лауазымына "Ширинян-Бабаджанян" одағынан кандидат Арман Бабаджанянның автокөлігіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арман Бабаджанян бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады. 

Реклама
Реклама

"Спутник-Армения" полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Арман Бабаджанянның көлігіне оқ атылғанда премьер-министр лауазымына кандидат көлікте отырмағанын хабарлады. 

Полиция мәліметінше, сағат 09:30 шамасында белгісіз біреу Бабаджанянның көлігінің алдыңғы терезесіне оқ атқан. Оқиға Норк-Мараш қауымдастығында болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама