07 маусым 2020 | 10:13

Арменияда COVID-19 жұқтырған премьер-министр елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

© primeminister.am

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян елдегі коронавирус бойынша жағдайдың өте қиын екенін айтты. Оның айтуынша, Армения "тозаққа бара жатқандай", - деп жазады Sputnik-Армения.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян елдегі коронавирус бойынша жағдайдың өте қиын екенін айтты. Оның айтуынша, Армения "тозаққа бара жатқандай", - деп жазады Sputnik-Армения.

"Бүгін біз елде толықтай карантин енгізу туралы шешім қабылдауға жақын қалдық. Елде пандемияға қарсы қозғалыс басталуы керек және оған барлығымыз атсалысуымыз қажет", - деді Никол Пашинян.

Реклама
Реклама

Таяуда өзі де коронавирус жұқтырған Пашинян халықты "коронавирус жоқ", "маска тағудың қажеті жоқ", "үкіметтегілер науқастар санын әдейі көбейтіп жатыр" деген қауесеттерге сенбеуге шақырды.

Премьер-министр барлық күшті вируспен күреске жұмсау керегін айтты.

Басылымның мәліметінше, соңғы тәулікте Арменияда коронавирус жұқтырған тағы 547 адам тіркелген, осылайша елде науқастардың саны 12 364-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram