10 қараша 2020 | 09:52

Арменияда наразылық білдірушілердің қандай талап қойғаны белгілі болды

Фото: РИА Новости

Армени парламентінде наразылық білдірушілердің қандай талап қойып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Армени парламентінде наразылық білдірушілердің қандай талап қойып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, наразылық білдірушілер жаңа үкімет құруды талап етіп жатыр. Олардың айтуынша, жаңа үкімет республиканың Қарабақтағы бейбіт келісімдерге қатысуын болдырмайды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Армения мен Әзербайжан басшыларының Қарабақта атысты тоқтату туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағаны белгілі болды. Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл келісімге келу оған өте қиын боолғанын айтқан еді.

Соғыс бітті, армян халқы үшін ауыр шешім қабылдадым - Пашинян

Сондай-ақ, мұның алдында Армения премьер-министрі Пашинян Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түнде сағат бірде тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтты. Енді аймаққа Ресей және Түркияның бітімгер әскері кіреді.

Еске салайық, биыл 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіген болатын. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталған. Осы уақытқа дейін екі тараптан бірнеше әскери қызметкер қайтыс болған еді.

Ереванда Қарабақты бергеннен кейін бүлік шықты: көпшілік парламентке басып кірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная