23 ақпан 2021 | 12:52

Арнайы жасақ Грузиядағы Саакашвили партиясы басшысының кеңсесіне басып кірді

Видеодан алынған кадр

Михаил Саакашвилидің оппозициялық партиясының жетекшісі Ник Мелия Грузия астанасы Тбилисиде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саакашвили партиясы басшысын ұстау үшін арнайы жасақ оның кеңсесіне басып кіріп, көзден жас ағызатын газ қолданған. Ұстау операциясы Қоғамдық телевизияда тікелей эфирде көрсетілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Михаил Саакашвилидің оппозициялық партиясының жетекшісі Ник Мелия Грузия астанасы Тбилисиде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саакашвили партиясы басшысын ұстау үшін арнайы жасақ оның кеңсесіне басып кіріп, көзден жас ағызатын газ қолданған. Ұстау операциясы Қоғамдық телевизияда тікелей эфирде көрсетілді.

Ник Мелия Грузияның ең ірі оппозициялық партиясы - "Біртұтас ұлттық қозғалысын" басқарады. Newsgeorgia.ge мәліметтеріне сүйенсек, саясаткерді ұстау операциясы 3 ақпанда таңғы сағат 7:30-да басталған. Ғимаратқа жедел жәрдем көлігі, сатысы бар екі арнайы техника, сондай-ақ жүздеген полиция қызметкері келген. Таңғы сағат 9-да Мелия ұсталды.

Реклама
Реклама

Саакашвили партиясының жақтастары да кеңседе болған.

"Ғимаратта оппозиция жақтастары полицияға қарсылық көрсетпеді. Түнде Мелияның өзі оларға осындай өтініш жасаған. Алайда кіреберістер мен кеңсеге кіретін есіктер жиһазбен жабылған. Ғимаратқа кірген полиция жасағы кеңседегі жиһаздың көп бөлігін сындырып, кеңседе болған белсенділерді шығарып алды", - деп жазады басылым. 

Видео кадрларынан арнайы жасақ ғимаратқа сыртынан және ішінен шабуыл жасағанын көруге болады. Олардың біріне медициналық көмек көрсетілді.

Фото: Newsgeorgia.ge

"Сонымен қатар, нысанда көзден жас ағызатын газ қолданылды. ІІМ қызметкерлері ғимаратқа газ баллондарын лақтырып, "Құлдар!", "Ұят!" деп айғайлаған", - деп түйіндейді басылым.

Сондай-ақ, Мелия не үшін ұсталғаны хабарланды. Ол 2019 жылғы 20 маусымдағы тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушысы болған. Наразылықтар Грузияға Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Гаврилов келгеннен кейін басталды. Ол православие Парламенттік Ассамблеясына қатысып, ел парламентінің мәжіліс залында төраға болды. Кешке парламент ғимараты жанындағы наразылық акциясына 15 мыңға жуық адам жиналды. Митинг полициямен қақтығысқа ұласты.

18 ақпанда Грузия премьер-министрі Георгий Гахария отставкаға кетті. Ол отставкаға кетуінің себебі Ник Мелияны қамауға алу туралы сот шешімінің орындалуына қатысты билеуші партиямен келіспеушіліктен екенін айтты.

22 ақпанда парламент жаңа премьер-министрді тағайындады, ол - бұрынғы қорғаныс министрі Иракли Гарибашвили.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная