Аса жауапсыз әрекеттер - ҚР СІМ КХДР-дың баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты

© REUTERS

?аза?стан Республикасы Сырт?ы істер министрлігіні? Корей Халы? Демократиялы? Республикасыны? баллистикалы? зымыран ?шыруына ?атысты м?лімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы КХДР-дың 2017 жылғы 12 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын өрескел бұзылып, жасаған баллистикалық зымыран ұшыруын қатаң айыптайды.

"Жапониямен бірлесіп ЯСЖТШ ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға тең төрағалық ете отырып, сондай-ақ Баллистикалық ракеталардың таралуының алдын алу іс-қимылдары жөніндегі Гаага кодексіне төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың аса жауапсыз әрекеттерін ядролық қарусыздандыру процесіне теріс ықпал етеді және өңірлікпен қатар ғаламдық ауқымдарда да қауіп төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің ядросыз болашақты қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігеріне кері әсерін тигізеді деп есептейді", - делінген мәлімдемеде.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қазақстанның әлемнің ядролық қарудан бас тартуы ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі екеніне кәміл сенімді болып, КХДР-ды Қытай, Ресей, АҚШ, Корей Республикасы және Жапонияның қатысуымен алтыжақты форматтағы келіссөздер үстеліне кідірмей оралуға және ядролық шамданушылықтан толық бас тартуға шақыратыны айтылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама