10 қазан 2020 | 15:51

Әскери көлік Қырғызстан президенті резиденциясының қоршауын қиратты

Жаяу әскердің әскери көлігі Қырғызстандағы "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясының қоршауын абайсызда қағып кетті, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаяу әскердің әскери көлігі Қырғызстандағы "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясының қоршауын абайсызда қағып кетті, - деп хабарлайды 24.kg.

Видеоны Азиз Пиримкулов есімді Facebook қолданушысы жариялады. Оның айтуынша, механик машинист жылдамдық пен бағытты дұрыс есептемей, шығыс қақпадағы қоршауды қағып кеткен. 

Реклама
Реклама

24.kg мәліметінше, "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында 10 қазан сағат 12:00-де парламент отырысы болады деп жоспарланған. Отырыс әлі басталмаған және депутаттар да жиын қайда және сағат қаншада болатынынан бейхабар. 

Сондай-ақ басылым мәліметінше, Бішкектегі Шу даңғылында әскери техника мен арнайы машиналар жиналып жатыр. Ала-Тоо алаңына кіреберісте кем дегенде он бронетранспортер мен әскери КамАЗ, бронды автомобиль және бірнеше күзет көлігі жиналған.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізіледі. Полицейлер мен әскерилер қаланы күзетеді. Кешкі сегізден кейін үйден шығағу тыйым салынды. Одан бөлек, іс-шараларға да тыйым салынған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная