28 сәуір 2022 | 09:49

"Әскери қылмыс". Словакия президенті украиналық әйелдер зорланып жатқанын айтып үндеу жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© Twitter/ZuzanaCaputova

Словакия президенті Зузана Чапутова Twitter-де Ресей әскері мен қолбасшыларына орыс тілінде видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Словакия президенті Зузана Чапутова Twitter-де Ресей әскері мен қолбасшыларына орыс тілінде видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Украинадағы соғысты "қажетсіз", ешбір себепсіз басталды деп айыптады. 

"Сіздерді ешкім қорқытқан жоқ, сіздерге ешкім зиян келтіргісі келмеді, ал сіздер жамандық жасап жатырсыздар", - деді Чапутова.

Реклама
Реклама

Видеода Словакия президенті бірнеше атышулы әскери қылмыстарды, атап айтқанда, Ресей әскері украиналық әйелдерді зорлады дегенге баса тоқталды.

"Әрине, әрбір соғыс зорлық-зомбылықтан тұрады. Сондықтан адамзат өркениет жолында соғыс құрбандарын азайту үшін, адамдарды қорғау үшін белгілі бір ережелерге келісті. Әскери ар-намыс, әскери тәртіп және соғыс ережелері бар. Бірақ сіздер мұның бәрін жоғалттыңыздар", - деді ол.

"Ресейлік сарбаздар, командирлер және оған қатысы бар адамдар! Егер бойларыңызда әлі де адамзаттың қалдығы болса, оны жандандырып, осы қорқынышты соғысты тоқтатыңыздар. Өйткені, сіздер күн сайын жараланған жандар мен әйелдердің, балалар мен жазықсыз адамдардың өліміне себепші болып жүрсіздер. Қорғансыздарға зиян келтіру - бұл әлсіздіктің көрінісі", - деді Чапутова.

Сондай-ақ видеоға былай деп жазды: "Ресей Украинаға шабуылымен қатар азап әкелді, жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны өсіп жатыр. Мұндай қылмысты ешқандай соғыс ақтай алмайды".

Euronews арнасының мәліметінше, Киев аймағынан ресейлік әскер шығарылғаннан кейін ондаған әйел ресейлік сарбаз өздерін зорлғанын, қорлық көрсеткенін айтып құқық қорғау ұйымдарына жүгінген.

Құқық қорғаушылар бір жарым мың зорлау мен азаптау дерегін анықтаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная