Әскери төңкеріс әрекетінен кейін Ыстамбұлда 600-ден аса адам ұсталды

Әскери төңкеріліс әрекетінен кейін Ыстамбұлда 600-ден аса адам ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен қатар, кем дегенде 60 адам қаза тапқаны хабарланды.

Анкара қаласында бүлікшілер Түркия парламентінің ғимаратына, Türksat ғимаратына, Гёльбаши ауданындағы полиция академиясына әуе соққысын жасаған. Қаза болғандардың арасында әскерилердің де, бейбіт тұрғындардың да бар екендігі айтылады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама