16 қаңтар 2018 | 16:00

Ата-анасы байлап ұстаған 13 бала адамшошырлық күйде табылды

Иллюстрациялық сурет © segodnya.ua

Полицейлер 2 мен 29 жас аралығындағы 13 баласын жертөледе шынжырлап ұстаған ерлі-зайыптыларды тұтқындады. Оқиға АҚШ-тың Клифорния штатында болған, - деп жазады The New York Times.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер 2 мен 29 жас аралығындағы 13 баласын жертөледе шынжырлап ұстаған ерлі-зайыптыларды тұтқындады. Оқиға АҚШ-тың Клифорния штатында болған, - деп жазады The New York Times.

Полицияның мәліметінше, 17 жастағы қыз телефонға қолы жетіп, құтқару қызметіне хабарласа алған. Ол ата-анасының өзімен бірге 12 аға-қаырндасын қамауда ұстап отырғанын айтқан. Полицейлер 49 жастағы Луиза Анна мен 57 жастағы Дэвид Аллен Турпинді өз үйлерінде ұстады. 

Реклама
Реклама


Louise Anna Turpin Сурет: Riverside County Sheriff's Department

Балалар сасық бөлмелерде төсектеріне байлаулы күйінде табылған. Ер адам мен әйел полицейлердің мұндай қадамға неге барғаны туралы сұрағына жауап бере алмаған. 13 баланың жетеуі 18 және 29 жас аралығындағы ер жеткендер болып шықты. Балаларға мардымсыз тамақ бергендіктен, олардың тым әлсіз болғаны хабарланып отыр. 

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. Олардың қамауда қанша уақыт болғаны әзірше белгісіз. Көршілердің сөзінше, олар бұл үйде не болып жатқанынан хабарсыз болған. Тек отбасының соңғы айларда қаржылық жағдайы күрт нашарлап кеткені ғана белгілі. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная