Атакама шөлі әлемдік қоқыс алаңына айналып барады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Haber 7 телеарнасы.

Чили аумағында орналасқан Атакама шөлі жаһандық қоқыс аймағына айналды. Атакама аумағында ондаған мың тонна қоқыс жатыр. Сарапшылар пікірінше, ондағы қоқыстың ыдырауына жүз жылдан аса уақыт керек болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Haber 7 телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, шөл далада Еуропа, Азия және АҚШ-та сатылмай қалған мыңдаған тонна киім, "дөңгелегімен қоса шіріп жатқан" ескі көліктер бар. Олардың бір бөлігі Перу, Парагвай және Боливияға экспортталған, бірақ көліктердің көпшілігі шөлде жатыр.

Сурет: Haber 7 телеарнасынан.

Реклама
Реклама

Сурет: Haber 7 телеарнасынан.

Шөл топырағы көптеген сирек кездесетін өсімдіктер мен бактериялардың мекені. Экологтар қоқыстардың жиналуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, аймақтағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қырылуына әкеп соғады деп алаңдаулы.

Сурет: Haber 7 телеарнасынан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама