ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2023 | 12:44
Атамбаев Бішкектен Дубайға ұшты
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Дубайға ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Дубайға ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, экс-президенттің қасында ұлы Қадырбек бар. Олар Бішкектен таңғы сағат 6:34-те ұшқан. Одан ары Алмазбек Атамбаев Испанияға емделуге аттанбақ.
Еске салайық, Қырғызстан Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев бостандыққа шыққан. Оған Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының шешімімен емделу үшін шет елге шығуға рұқсат берілді.
Алмазбек Атамбаев 2020 жылдың маусымында 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол Бішкек маңындағы колонияда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 16 жыл 8 айға сотталған қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевтың мерзімінен бұрын түрмеден шығуына көмектесті деген айыппен сотталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также