Атамбаев Мәскеудегі емханаға ауыстырылды

© РИА Новости

Алмазбек Атамбаев М?скеудегі Ресей президентіні? емханасында ем алып жатыр. Мамандарды? ке?есімен ж?не ресейлік тарапты? ша?ыртуымен ?ыр?ызстан Президенті Алмазбек Атамбаев РФ президентіні? Іс бас?армасыны? М?скеудегі Орталы? емханасына ем алуын жал?астыру ?шін келді. Б?л емханананы? д?рігерлері о?ан осы?ан дейін де ем жаса?ан. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?ыр?ызстан Президенті ?кімшілігіні? а?паратты? саясат б?ліміндегілер хабарлады. 

Алмазбек Атамбаев Мәскеудегі Ресей президентінің емханасында ем алып жатыр. Мамандардың кеңесімен және ресейлік тараптың шақыртуымен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев РФ президентінің Іс басқармасының Мәскеудегі Орталық емханасына ем алуын жалғастыру үшін келді. Бұл емханананың дәрігерлері оған осыған дейін де ем жасаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің ақпараттық саясат бөліміндегілер хабарлады. 

Мәскеуге Қырғызстан Үкіметі мен Президенттің Іс басқармасының Емханасының емдеу ісі жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары, кардиолог Гүлмира Баитова да ұшып келді. Ол Алмазбек Атамбевтың жағдайына отанында қарайды. Мәскеудегі емханада дәрігерлер консилиумы өткізіледі, осыдан кейін олар Қырғызстан президентіне лайықты ем алу процедурасын тағайындайды. 

Еске салайық, Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан президентінің денсаулығы сыр берген болатын. Бішкектен Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан Республикасының делегациясы Ататүрік әуежайында басқа ұшаққа отыруы қажет болатын. Алайда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сырқаттанып, медициналық тексерістен өткен. Дәрігерлердің тексерісінен кейін мемлекет басшысына жедел түрде медициналық көмек көрсеткен. Дәрігерлердің алдын ала қорытындысына қарағанда, Алмазбек Атамбаевтың жүрегі сыр берді. Осыған байланысты Қырғызстан президенті медициналық тексерістен өтіп, біраз уақыт дәрігердің бақылауында болады. Осыған дейін Қырғызстан мемлекет басшысы Эгей жағалауындағы емханаға жатқызылған болатын. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама