ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2019 | 12:48
Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған - Қырғызстан МҰҚК
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған. Бұл туралы елдің Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік көмитетінің басшысы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған. Бұл туралы елдің Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік көмитетінің басшысы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
МҰҚК төрағасы Орозбек Опумбаевтың айтуынша, Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары адамдарға, әсіресе әйелдер мен қарттарға ақша беріп жанында ұстаған. "Ол мемлекеттік төңкеріске дайындалғанын ашық мәлімдеймін. Атамбаев шақыртуға келмейтінін айтқанда, мен "Альфа" арнайы жасағын пайдалану туралы шешім қабылдадым", - деді ол.
Опумбаевтың айтуынша, Атамбаевты ұстаудың бес нұсқасы дайындалған. Ол қолданылған нұсқа ең оңтайлы болғанын атап өтті.
"Атамбаев штабына барлық ақпаратты бұрынғы министр Исраилов (ІІМ бұрынғы басшысы) және Сегізбаевтың (ҰҚК бұрынғы басшысы) қызметкерлері баяндап отырған. Олар бұл үшін ақша алған. Арнайы жасақ келе жатқаны туралы мәлімет Атамбаевқа жарты сағат бұрын жетіп отырған. Онда бірден әйелдер, балалар мен қарттар жиналды. Оған қан-төгіс, мемлекеттік төңкеріс қажет болды", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы.
Опумбаев Алмазбек Атамбаевты қолға түсіру үшін неге 8 тамыз күні белгіленгенін түсіндірді.
"Балықшы полигонында оқу-жаттығу болды. "Альфа" арнайы қызметі сол жерге жіберілген, тек төрт адам ғана олардың қайтып оралғанын білді. Атамбаев қоян сияқты ініне тығылып, қорғаушыларын ғана қалдырды", - деді ол.
МҰҚК басшысы Атамбаевтың үйі зерттелгенін атап өтті. Онда бункер мен ДЗОТ-тар қойылды. "Оқиға болған жерде Драгуновтың мергендік винтовкасы табылды, ол арнайы қызметтердің қолында тұрды. Екі мырыш жәшігі, тапанша және басқа да амуниция табылды", - деп толықтырды Опумбаев.
Сонымен қатар, Қырғызстан МҰҚК төрағасы Орозбек Опумбаев Алмазбек Атамбаевты өткен аптада арнайы операция жүргізу кезінде қызметкерді қасақана өлтіргісі келгенін айтып, айыптады. Бұл туралы ол Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"8 тамызда Атамбаев эмоциясын ұстай алмай қалды. Ол алты рет атқанын өзі айтты. Осы айғақтардың негізінде және осы алты оқ атылғаны расталды. Ол шоколадтан басқасының бәрі көресінін көргенін айтты, арсыз көрініс болды", - деді Опубаев.
Опумбаев қайтыс болған арнайы жасақтың жауынгері Үсен Ниязбековтің дәл жүрегіне оқ тигенін хабарлады.
"Ол лезде қайтыс болды. Ол неге жанында әйел, бала-шаға, қарттарды ұстаған? Әрқайснына 3 мың сомнан беріп отырған. Ол милиция келгенде қақтығыс болатынын білген. Бірінші дерек - тас шөптің арасында тығылып қалуы. Ол қан-төгіс болғанын қалады. Атамбаевтың ойы - мемлекеттік төңкеріс", - деді ол.
Еске салайық, 9 тамызда Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Ол тергеу изоляторына қамалды. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын. Кейін Атамбаевтың қызы видеомәлімдеме жасады.
Показать комментарии
Читайте также