Атамбаев сайлау қарсаңында елде қақтығыстар болады деген қауіпке байланысты іссапарынан бас тартты

© Forbes Қазақстан

?ыр?ызстан президенті Алмазбек Атамбаев 10-11 ?азан?а белгіленген Сочиге іссапардан бас тартты. Б??ан елде сайлау алдында т?ртіпсіздіктер болады деген ?ауіп себеп. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?ыр?ызстан президенті аппаратыны? ?о?аммен байланыс б?ліміні? ?кілдері м?лімдеді. 

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 10-11 қазанға белгіленген Сочиге іссапардан бас тартты. Бұған елде сайлау алдында тәртіпсіздіктер болады деген қауіп себеп. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан президенті аппаратының қоғаммен байланыс бөлімінің өкілдері мәлімдеді. 

Атамбаев ТМД елдері басшыларының Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады деп жоспарланған. 

"Жеке саясаткерлердің криминал арқылы сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынуы, мұндай саясаткерлерді шетелден қаржыландыру деректерінің анықталуына байланысты президент елдегі тәртіп пен қауіпсіздікті жеке бақылауына алу үшін іссапардан бас тартты", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Атамбаевтың тапсырмасымен ТМД елдері басшыларының Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Искаков бастаған делегация аттанады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама