ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2021 | 16:02
Атамбаевқа ауыр диагноз қойылды
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа ауыр диагнозы қойылды. Бұл туралы саясаткердің адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа ауыр диагнозы қойылды. Бұл туралы саясаткердің адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Адвокаттың айтуынша, 1 сәуірде тексеру кезінде Атамбаевқа жүректің коронарлық ауруы, ФК 2 кернеуінің стенокардиясы, атеросклероз, коронарлық артерия кальцинозы және басқа да бірқатар диагноз қойылған.
"Жеке әңгіме барысында дәрігер маған коронарлық артерия кальцификациясы науқастың инфарктқа дейінгі жағдайын көрсететінін түсіндірді", - деді Замир Жоошев.
Оның айтуынша, дәрігерлер Алмазбек Атамбаевқа отыруды шектеуге кеңес берген.
"14 сәуірде "Қой-Таш" оқиғалары бойынша қылмыстық істі қарайтын судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайын анықтау бойынша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы шешім қабылдады.
Сараптама қорытындысы бойынша экс-президент Алмазбек Шаршенұлына Қырғызстанда немесе шетелде толыққанды медициналық ем алу мүмкіндігі беріледі деп үміттенемін", - дейді адвокат.
Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық және қылмыстық кірістерді заңдастыру дерекетері бойынша.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также