ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2019 | 17:14
Атамбаевтың арнайы операциядан кейінгі үйі - Видео
Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таштағы үйінде арнайы операция болды. Журналистер экс-басшының үйіне барып, оқиғадан кейінгі үйге шолу жасады, - деп хабарлайды 24.kg.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таштағы үйінде арнайы операция болды. Журналистер экс-басшының үйіне барып, оқиғадан кейінгі үйге шолу жасады, - деп хабарлайды 24.kg.
7 тамызда Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы резиденциясына шабуыл жасаған. Операция екі рет сәтсіз аяқталған. Оқиға салдарынан 45-ке жуық адам зардап шегіп, "Альфа" командир орынбасары оқ тиіп, қаза тапты.
8 тамызда Атамбаевты тұтқындау туралы арнайы операцияны елдегі Ішкі істер министрлігінің арнайы күштері қолға алды. Қой-Таштағы жолдар бөгеліп, байланыс нашарлап, Интернет желісі сөндірілді.
Арнайы операцияға үш мыңға жуық полицейлер мен техника жұмылдырылды. Екі сағаттық қақтығыстан кейін полиция жағдайды жылдамдатып шешті - Атамбаев берілуге шешім қабылдады. Экс-басшыны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас тергеу басқармасына жеткізді. Ол 26 тамызға дейін тұтқындалды.
© 24.kg
Қазір оқиға орнында болған оқиғаны еске түсіретін ештеңе жоқ. Баррикадалар, тастар, жол қоршаулары да жоқ. Беш-Күнгей мен Қой-Таш аралығындағы байланыс та реттелген. Ал интернет байланысы әлі жоқ. Тек Бішкекке кіреберісте ғана пайда болады.
Трассаның бойында тас та, шиналар да жоқ. Тек жолда бойында шиналардың жанған іздері ғана көрінеді. Ал ауылда күнделікті өмір жүріп жатыр: азық-түлік дүкендері ашық, жол бойында көкөністер сатылып, қоғамдық көліктер өз ретімен жүріп жатыр. Кейбір жерлерде ғана күзет қызметкерлеріне қарсы лақтырған тастар жатыр. Ал Таш-Мойнок ауылындағы тұрғындар кірпішті жинап жатыр.
Алмазбек Атамбаевтың жақтастарының өзі ауылды тазартып жатыр. Олар жол бойындағы тас пен қоқыстарды жинап жатыр. Ал экс-басшының үйінің маңы тыныш. Есіктің алдында арнайы күштердің көлігі өртеніп, қақпа майысып, кіреберіске ағаш үстелдермен қоршау жасалған.
Арнайы баспасөз-орталық үшін жасалған киіз үй екі шабуылдан кейін қирамаған.
© 24.kg
Айналада тас үйінділері, сым темірлер мен патрон гильзалары жатыр. Үйдің айналасында 20-30 шақты адам бар.
© 24.kg
© 24.kg
"Біз Алмазбек Атамбаевтың туыстарымыз. Біз бұл жерді реттеп, тазалап, үйді күзету үшін келдік", - дейді жас жігіт.
Аты-жөнін жасырын қалдырып, үйді реттеп жатқан кезін түсірмеуін өтінген. Алайда үйдің қазіргі жағдайын көрсетуге келіскен.
"Алмазбек Атамбаевты тұтқындағаннан кейін, үйіне белгісіз адамдар кле бастаған. Олар үйді тонай бюастаған. Көбіне бірінші және екінші қабат қираған. Ол жерлердің астаң кестеңін шығарған. Үйдегі бағалы заттар мен алтынды қолды қылған", - дейді экс-басшының жақтасы.
Бірінші қабаттағы терезелер сынып, жиһаздарды қопарып кеткен. Қабырға мен жиһаздарда қан іздері жатыр. Бұл бірінші шабуылдың көрінісі.
Үшінші қабаттың кіре берісінде "миналанған" деген қағаз тұр. Дәл сол жердегі терезе алдында құм салынған мөшектер тұр.
Үшінші қабаттың кіре берісі көпшілікке Атамбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов екеуінің келіссөз жүргізген сәтінен таныс.
Бұл жерден шабуыл іздері байқалмайды. Болған оқиға көрінісі Атамбаев тығылған жиһаз бен баррикададан ғана көрінеді.
Қалған нәрсенің барлығы сау. Көрші бөлмеде "Манас" эпостыөқ жырының жинақтары тұр. Экс-президенттің үйіндегі кітап жинақтары мен қымбат шараптар көзге түсті.
"Үшінші қабатқа елдер бармаған. Сондықтан да бұл жер таза. Тіпті резеңке оқтың да ізі жоқ. Ал екінші қабатта оқ телевизор мен қаьырғаны зақымдаған. Жерден оқ гильзаларын тауып алдық. Бізден басқа бұл жерде ешкім жоқ. Үйдің бұдан әрі жағдайы қалай болатыны белгісіз", - дейді экс-басшының туысы.
© 24.kg
Еске сала кетейік, бұрынғы президентке ресми түрде жемқорлық дерегі бойынша айып тағылған. Бүгін түнде Атамбаев Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының алдын-алу шарасында тергеу амалдарын жүргізу кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына қамауға алынды.
Показать комментарии
Читайте также