09 тамыз 2019 | 12:24

Атамбаевтың тергеу изоляторындағы суреті пайда болды

© 24.kg

Атамбаевтың тергеу изоляторындағы суреті желіде пайда болды, - деп хабарлайды 24.kg

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атамбаевтың тергеу изоляторындағы суреті желіде пайда болды, - деп хабарлайды 24.kg

Суретте Қырғызстанның экс-президенті толықтай және профильді түрде түсірілген. Алмазбек Атамбаевқа сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ресми айып тағылғаны туралы хабарланған. Бұл туралы порталға оның адвокаты Сергей Слесарев хабарлады.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігінің тергеушісі Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны туралы қылмыстық іс қозғаған.

"Айып негізсіз тағылып отыр. Менің қорғалушымды куәгер ретінде шақырып, бірақ әлі тергемеген болса, қалайша айып негізді болуы мүмкін? Оған бірден күдікті ретінде хабарлама берген. Бұл басынан жоспарланған сценарий ғой. Бұл әрекеттер заңсыз, себебі Атамбаевта экс-басшы ретінде тиіспеушілік құқығы бар", - дейді Сергей Слесарев.

Заңгердің сөзінше, Атамбаевқа басқа да айыптар тағылуы мүмкін бе жоқ па, әлі белгісіз. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная