Атамбаевтың командасында болған қызметкер Жээнбековтің аппарат басшысы қызметінен кетті

Фарид Ниязов. © president.kg

?ыр?ызстан президенті аппаратыны? басшысы Фарид Ниязов ?з еркімен ?ызметтен кетті, - деп хабарлайды РИА Новости ?ыр?ызстан президентіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязов өз еркімен қызметтен кетті, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Фарид Ниязовты қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен аптада Фарид Ниязов қызметінен кеткісі келетіні жайлы екі рет мәлімдеген болатын, бірақ Жээнбеков оның бұл өтінішін қабылдамай, оған бір апта демалыс берген еді. 

Реклама
Реклама

Ал жақында Қырғызстан президенті журналистерге Ниязовтың мемлекеттік басқармада жақсы менеджер екенін және оның шешімін құрметтейтінін айтты.

Фарид Ниязов Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың командасының мүшесінде болған еді.

Социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама