23 қыркүйек 2021 | 13:22

Атмосфералық ауаның ластануы бұрын ойлағаннан да қауіпті - ДДСҰ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ауаның ластануы адам өміріне төндіретін ең үлкен экологиялық қауіптердің бірі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ауаның ластануы адам өміріне төндіретін ең үлкен экологиялық қауіптердің бірі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ мәліметі бойынша, лас ауа жыл сайын жеті миллионнан аса адамның мезгілсіз қайтыс болуына себеп болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы рет 2005 жылы ауа сапасы жөніндегі нұсқаулықтарды жариялады, ал соңғы 16 жылдағы мәліметтерді талдай келе, қазіргі кездегі зиян бөлшектер бұрын қабылданған концентрациядан төмен, әрі зиян деген қорытындыға келді. 

ДДСҰ-ның жаңа нұсқаулары белгілі бір қауіп тудыратын заттарға, соның ішінде бөлшектерге, озонға, азот пен күкірт диоксиді мен көміртегі тотығына қолданылады. Кейбіреулер өкпеден қанға өтіп тыныс алу, жүрек-қан тамырлары ауруларын, тіпті қатерлі ісікті тудыруы мүмкін.

Реклама
Реклама

Экономикасы әлсіз елдер тұрғындары, ауа сапасының нашарлығынан, экономикалық даму үшін қазба отынға тәуелді болғандықтан ең көп зардап шегетіні айтылады.

"Ауаның ластануы барлық елде денсаулыққа қауіп төндіреді, бірақ ол табысы төмен және орташа елдердегі адамдарға қатты әсер етеді. ДДСҰ-ның ауа сапасына қатысты жаңа нұсқаулары ауа сапасын жақсартудың ғылыми негізделген және практикалық құралы саналады. Мен барлық елді, қоршаған ортаны қорғау үшін күресетіндердің бәрін қайғы-қасіретті азайтуға шақырамын", - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус.

ДДСҰ сарапшылары ауадағы көміртегі мөлшерін жүйелі түрде өлшеуді, шығарындылар мен ластану көздерін түгендеуді ұсынады. Мемлекеттік билік орындары ғалымдардың пікірінше, жаңа стандарттар әзірлеп, атмосферадағы зиянды бөлшектерді азайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді белгілеуі, шығарындылардың адам денсаулығына әсерін бағалау тәсілдерін ілгерілету үшін ғылым мен технологияның жаңа жетістіктерін енгізуі керек. Сондай-ақ, ДДСҰ көшелердегі зиян шаңмен шығатын газдардың мөлшерін азайту үшін қалалық кеңістікті мұқият жоспарлауды ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная