Атом энергиясы жөніндегі агенттік Украинаға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

©REUTERS

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) бас директоры Рафаэль Мариано Гросси ұйым сарапшылары мен жабдықтарын Украинаға жіберуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік сайтына сілтеме жасап.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) бас директоры Рафаэль Мариано Гросси ұйым сарапшылары мен жабдықтарын Украинаға жіберуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік сайтына сілтеме жасап.

Гросси видеоүндеуінде қазіргі жағдайға қатты алаңдайтынын мәлімдеді және Украина ядролық нысандарын, оның ішінде 15 реакторды, сондай-ақ Чернобыль алаңын қауіпсіз және сенімді пайдалануы үшін АЭХА техникалық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін келісім жасасу шұғыл қажет екенін атап өтті.

"Мен Украинаның әртүрлі нысанында АЭХА сарапшыларының қатысуын, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өмірлік маңызды жабдықтарды жеткізуді қоса алғанда, көмек пен қолдау шараларын қамтитын келісім жасасу үшін Украинаға дереу келуге дайын екенімді білдірдім", - деді Гросси.

Реклама
Реклама

Гроссидің айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерден кейін ядролық апаттың алдын алу қажеттілігі күн сайын өзекті бола түсуде.

Бұған дейін агенттік Украинадағы Чернобыль АЭС-тегі радиоактивті қалдықтар қоймасында ядролық материалдарды бақылау жүйелері БҰҰ-ның деректерін беруді тоқтатқанын хабарлаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама