ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2022 | 11:55
Атыс Харьковтегі ядролық материалға зиян тигізбеді - АЭХА
Харьковтегі ядролық зерттеу орталығындағы аз ғана ядролық материалға атыс салдарынан зиян келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Харьковтегі ядролық зерттеу орталығындағы аз ғана ядролық материалға атыс салдарынан зиян келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) бас директоры Рафаэль Мариано Гросси мәлімдеді.
"Украина ғимарат, оның эксперименттік залы бүлінгенін, бірақ нейтрондарды зерттеу және изотоптарды шығару үшін нейтрон жасауға қолданылатын ядролық материал қоры бүлінбегенін айтты", - деді Гросси.
АЭХА мәлімдемесіне сәйкес, атыстан зардап шеккен нысан медициналық және өнеркәсіп мақсатында радиоизотоптарды зерттеу, әзірлеу және өндіру үшін пайдаланылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также