Ауғанстан азаматы АҚШ елшілігі алдында өзін өртеп жібермек болды

Ауғанстан азаматы АҚШ елшілігі алдында өзін өртеп жібермек болды Видео кадры

Ауғанстанның 40 жастағы азаматы Афиныдағы АҚШ елшілігі алдында өзін өртеп жібермек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі грекиялық "Ethnos" порталына сілтеме жасап.

Ауғанстанның 40 жастағы азаматы Афиныдағы АҚШ елшілігі алдында өзін өртеп жібермек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі грекиялық "Ethnos" порталына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адам үстіне бензин секілді сұйықтық құйып, өзін өртемек болған. Оны полицейлер байқап, өзін-өзі өртеу әрекетін болдырмады.

Оның әрекетінің мән-жайын анықтау үшін ауған азаматы мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне жеткізілді.

Жарнама
Жарнама

БАҚ мұны АҚШ-тың Ауғанстандағы ұстанымына жауап ретінде жасады деп болжайды.

Еске салайық, АҚШ әскері Ауғанстаннан кеткеннен кейін, 15 тамызда "Талибан" содырлары (Жоғарғы Соттың шешімімен Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған. Олар Ауғанстан Ислам Әмірлігі құрылғанын жариялап, елдегі билікті қолына алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама