16 тамыз 2021 15:28

Ауғанстан президенті ақша толы төрт көлікпен қашқан

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан ақшаға толы көлікке отырып қашып кетті, өзімен алып кете алмағаны әуежайдағы алыңда қалды. Бұл туралы Ресей елшілігінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан ақшаға толы көлікке отырып қашып кетті, өзімен алып кете алмағаны әуежайдағы алыңда қалды. Бұл туралы Ресей елшілігінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Режимнің құлдырауына келетін болсақ, ол Ғанидің Ауғанстаннан қалай қашып кеткенінен айқын көрінеді: төрт көлікке ақша толтырып, оны тікұшаққа сыйдыруға тырысты, бірақ бәрі сыймаған. Ақшаның бір бөлігі ұшу алаңында қалды", - деді дипломатиялық миссияның өкілі Никита Ищенко.

Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғаны хабарланған болатын. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Кейінірек Талибан өкілі елдегі соғыс аяқталғанын жариялады.

Реклама
Реклама

Кейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдары Ашраф Ғани жұбайы Рула және екі кеңесшісімен Өзбекстанға ұшып кеткенін хабарлады.

Содырлар келіп, президент қашты. Ауғанстанда не болып жатыр?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram