Ауғанстанда 78 адам су тасқыны салдарынан қайтыс болды

Фото: Twitter / @Shamshadnetwork

Ауғанстанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78 адамға жетті, тағы 30 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78 адамға жетті, тағы 30 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті Tolo News телеарнасы сол елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап ең кемі 32 адамның ес-түссіз жоғалып кеткенін хабарлады.

Биліктегілердің мәліметі бойынша, су тасқыны кезінде 307 үй құлап, тағы екі мыңнан аса баспанаға түрлі зақым келген.

Реклама
Реклама

Ауғандардың 1TV телеарнасы су тасқынының солтүстік-шығыстағы Бадахшан, Баглан провинцияларында, солтүстік-батыстағы Герат өңірінде, сонымен қатар, Ауғанстанның орталығындағы Гор, Дайкунди және Бамиан провинцияларда болғанын хабарлады.

ShamshadNews мәліметтері бойынша, жүздеген гектар егістік жерлер су астында қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама