Ауғанстанда бірнеше жарылыстан мерт болған 21 адамның арасында шетелдік журналистер бар

Сурет: REUTERS

Д?йсенбіде Ау?анстан астанасында бол?ан екі жарылыстан ?аза тап?андар саны 21 адам?а жетті, та?ы 27 адам жара?та алды, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Дүйсенбіде Ауғанстан астанасында болған екі жарылыстан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, тағы 27 адам жарақта алды, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Мұның алдында 20 адам зардап шегіп, жеті адам мерт болғаны хабарланған. 

БАҚ ақпараты бойынша, алғашқы жарылысты мотоциклге мінген жанкешті лаңкес жасаған. Пажвак агентігінің мәліметінше, екінші жарылыстан мерт болғандар мен жараланғандар арасында TOLOnews, 1TV, Al Jazeera және басқа да БАҚ өкілдері бар. Франс Пресс агенттігі Ша Мараи (Shah Marai) атты фотографтың өлімі жайлы мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

Сонымен бірге, дүйсенбіде елдің шығысындағы Нангархар аймағында да жарылыс болған. Онда бір полицей мерт болып, бес адам жараланғаны айтылған. Tolo News арнасының мәліметінше, Бесад округі губернаторының орынбасары жараланған. Жаралнғандар арасында журналистер де бар. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама