Ауғанстанда дүкенге күйеуінсіз барған әйелді өлім жазасына кесті - БАҚ

© Фишки.Лв

Жант?ршігерлік б?л о?и?а ау?анстанды? Сари-Пуль провинциясында бол?ан, ол жерде талибан ?оз?алысы ?стемдік етеді, - деп жазады п?кістанды? The Nation басылымы. 

Жантүршігерлік бұл оқиға ауғанстандық Сари-Пуль провинциясында болған, ол жерде талибан қозғалысы үстемдік етеді, - деп жазады пәкістандық The Nation басылымы. 

Қаруланған бір топ адам күйеуі жоқ кезде қаладағы базарға азық-түлік алуға барған 30 жастағы әйелді көшеден ұстап алып, өлім жазасына кескен. 

Провинция губернаторының баспасөз қызметінің өкілі Забиулла Аманидің айтуынша, өлім жазасына кесілген әйелдің күйеуі сол кезде Иранда сапарда жүрген. Отбасының балалары болмаған. 

Реклама
Реклама

Басылым талибандардың әйел адамға сыртқа жалғыз шығуына тыйым салатынын жазады. Сыртқа тек күйеуімен немесе күйеуі жағынан ең жақын туыс ер адаммен шығуға болатыны айтылады. Сондай-ақ әйелдерге жұмыс істеуге және білім алуға тыйым салынған.

Сонымен қатар, басылым осы оқиғаға талибандардың өздерінің еш қатысы жоғын жазады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама