Ауғанстанда ер тележүргізушілер әйел әріптестерін қолдау акциясын бастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ауғанстанда ер тележүргізушілер әйел әріптестерін қолдау акциясын бастады Фото: twitter/TOLOnews

Ауғанстанның TOLOnews жаңалықтар телеарнасының қызметкерлері әйел әріптестерін қолдау мақсатында маска киіп эфирге шықты, - деп хабарлайды Gazeta.ru басылымы.

Ауғанстанның TOLOnews жаңалықтар телеарнасының қызметкерлері әйел әріптестерін қолдау мақсатында маска киіп эфирге шықты, - деп хабарлайды Gazeta.ru басылымы.

"TOLOnews арнасының ер жүргізушілері әйел тележүргізушілерін қолдап эфирге маска киіп шықты", - деп хабарлайды телеарна.

Бұған дейін телеарна жүргізушілерінің бірі Хатира Ахмади бетпердемен дұрыс сөйлей алмайтынын айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Ауғанстандағы "Талибан" үкіметі әйел тележүргізушілердің эфирге бетін жауып шығуына бұйрық берген болатын. Мұны елдің Айып және ізгілік министрлігінің баспасөз хатшысы Акиф Махаджар мәлімдеді. Оның сөзінше, әйелдер бұрынғы тәртіппен телеэфирге 20 мамырда соңғы рет шығуы керек. Ал, жаңа ережені бұзғандардың қалай жазаланатыны әзірге белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама