19 қыркүйек 2021 | 17:39

Ауғанстанда жарылыс болды, зардап шеккендер бар - БАҚ

Фото: ©РИА Новости

Жарылыс жексенбіде Ауғанстанның Нангархар провинциясындағы Желалабад қаласында болды, екі бейбіт тұрғын қайтыс болды. Бұл туралы куәгер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жарылыс жексенбіде Ауғанстанның Нангархар провинциясындағы Желалабад қаласында болды, екі бейбіт тұрғын қайтыс болды. Бұл туралы куәгер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Жарылыс 19 қыркүйекте таңертең автовокзал маңында болды. Салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тапты, бір тәліп (Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынады) жараланды.

Бұған дейін Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы Джелалабадта жарылыс салдарынан кемінде үш адам қайтыс болғаны, тағы 19 адам жарақат алғаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, тамыздың басында Ауғанстандағы жағдай күрт өзгерді, "Талибан" Ауғанстан үкіметінің күштеріне қарсы шабуыл жасап, 15 тамызда Кабулға кірді, келесі күні соғыс аяқталғанын мәлімдеді.

31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабулдан кетті. 

6 қыркүйекте тәліптер ұзақ бағындыра алмаған Ауғанстанның 34 провинциясының соңғысы Панжшерді бақылауына алғанын мәлімдеді. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысқан болатын.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная