Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды: жүздеген адам қаза тапты

Фото: twitter.com/DrAhmadamarkhil

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен шамамен 130 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters порталына сілтеме жасап.

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен шамамен 130 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters порталына сілтеме жасап.

6,1 балл болатын жер сілкінісі Пәкістан шекарасына жақын орналасқан Хуст қаласынан шамамен 44 шақырым жерде болған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, ол 51 шақырым тереңдікте орналасқан.

Реклама
Реклама

Ел билігі қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан. Талибан әкімшілігі Апат министрлігінің басшысы Мохаммед Нассим Хаккани қайтыс болғандардың көпшілігі Пактика провинциясында екенін, онда 255 адам қаза тауып, 200 адам жарақат алғанын айтқан.

EMSC мәліметінше, Пәкістанда, Ауғанстанда және Үндістанда 119 миллионға жуық адам дүмпуді сезген. Ауған бұқаралық ақпарат құралдары қираған үйлердің суреттерін жариялап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама