ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2021 | 16:09
Ауғанстанда мектепке шабуыл жасалып, 50 адам мерт болды
Ауғанстанда мектепке жасалған шабуылдан кемі 50 адам мерт болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауғанстанда мектепке жасалған шабуылдан кемі 50 адам мерт болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
9 мамырда Ауғанстан астанасында содан бір күн бұрын жасалған теракті салдарынан қаза тапқандарды жерледі.
Телеарна мәліметінше, сенбі, 8 мамырда түстен кейін Кабулдың батыс бөлігіндегі, негізінен исламның шиит бағытын ұстанатын хазарилер тұратын Даше-е-Барчи ауданындағы Саид әл-Шухада мектебінің қасында бірнеше жарылыс болған. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде 50 адам мерт болып, 100-ден аса адам жараланған. Қаза тапқандардың көбі - мектепте оқитын қыздар.
Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарик Арианның сөзінше, әуелі автокөліктегі бомба жарылған, ізінше оқушылар мектептен қашып шыға бастағанда тағы екі жарылыс болған. Әлеуметтік желілерде тараған видео мен фотоларда теракті болған жерде қанға боялған оқу құралдары, жарылыстан соң әуеге көтерілген түтін көрінеді.
Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алмаған. Ауғанстан билігі шабуылды тәліптерден көреді. "Талибан" қозғалысы бұл терактіге қатысы жоғын мәлімдеді. Бұл соңғы бірнеше айдың көлемінде Кабулдаағы ірі қантөгіс оқиғалардың бірі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также