Ауғанстанда мешітте болған жарылыстың видеосы пайда болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ауғанстанда мешітте болған жарылыстың видеосы пайда болды Видеодан алынған кадр

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласындағы ең үлкен шейіттер мешітіндегі жарылыстың видеосы таралды. Соңғы мәліметтер бойынша жарылыстан 63 адам қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода қолдарында автоматы бар екі лаңкестің мешітке қарай бет алғаны және ғимараттың кіре берісіндегі күзетшілерге оқ атқаны көрсетілген. Басқа кадрларда мешіт ауласында намаз оқып жатқан адамдар көрінеді. Алдымен лаңкестер адамдарға оқ жаудырады, кейінірек жанкешті өзін-өзі жарып жібереді, бұл тірек конструкциялардың құлауына әкелді.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, жарылыс 15 қазанда қала орталығындағы Имам Баргах мешітінде жұма намазы кезінде болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан 63 адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама