Ауғанстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Ауғанстанда президент сайлауы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Reuters.

Ауғанстанда президент сайлауы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Reuters.

Ауғанстанда 34 миллион тұрғынның тек 9,6 миллионы ғана дауыс беруге тіркелген. Сайлауға 14 кандидат қатысады. Мемлекет басшысы болуға басты үміттілер қатарында қазіргі президент Ашраф Гани мен премьер-министр Абдулла Абдулла бар.

Агенттік мәліметінше, елдің 34 провинциясында бес мыңға жуық дауыс беру учаскелері жұмыс істейтін болады. 100 мыңға жуық әскер АҚШ авиациясының қолдауымен талибтерден қорғайтын болады. Осыған дейін, лаңкестер ел тұрғындарын сайлауға қатысқан жағдайда өлтіретіндерін айтқан. 400-ге жуық дауыс беру учаскелері жабық болады, өйткені олар "Талибан" экстремистік қозғалысының бақылауындағы жерлерде орналасқан. Қауіпсіздік шарасы аясында жүздеген мектеп, мешіт пен аудан орталықтары жабылады. 

Реклама
Реклама

17 қыркүйекте Ашраф Ганидың сайлауалды митингінде лаңкес өзін-өзі жарып жіберіп, салдарынан 20 адам қаза тапты, тағы 31 адам зардап шекті. Екі күн өткен соң, 19 қыркүйекте Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль провинциясында үкіметтік ауруханада жарылыс болды. 20 адам қаза тапты, 95 адам зардап шекті. Осы лаңкестік әрекеттерді "Талибан" өз мойнына алды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама