ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қазан 2023 | 09:28
Ауғанстанда тағы жер сілкінді
Ауғанстанда тағы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауғанстанда тағы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жер асты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 06:44-те тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1549 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14,1. Магнитудасы MPV - 6,3", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, сенбі, 7 қазанда таңертең облыста магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Бірінші жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4,3-тен 6,3-ке дейін болатын тағы бірнеше жер сілкінісі тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также