26 мамыр 2022 | 17:15

Ауғанстанда төрт бірдей жарылыс болды: 16 адам қаза тапты

Камила Долаева Журналист
Фото ©REUTERS

Ауғанстанда төрт жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 16 адам қайтыс болды, тағы ондаған адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанда төрт жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 16 адам қайтыс болды, тағы ондаған адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбіде кешке Ауғанстан астанасы Кабул мешітінде жарылыс болды. Билік пен аурухана өкілдері кем дегенде 5 адам қайтыс болып, тағы 26 адам жарақат алғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Бірнеше сағаттан кейін Ауғанстанның Балх провинциясында жолаушылар көлігі жарылды. Провинция қолбасшысының өкілі Мохаммад Асиф Вазери Мазари Шариф қаласындағы микроавтобустарға салынған үш бомбаның жарылуы салдарынан кем дегенде 9 адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 8-інің жағдайы ауыр.

Кейін ДАИШ террористік тобы ("Ислам мемлекеті" Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласындағы жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Осы айдың басында Кабул қаласындағы мешітте де жарылыс болған еді. Жеті адам қайтыс болды, тағы 17 адам жарақат алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная