29 қыркүйек 2019 | 13:52

Ауғанстандағы президент сайлауы кезінде 113 шабуыл жасалды

Ауғанстанда кеше өткен президенттік сайлау кезінде лаңкестердің шабуылынан 32 адам қаза тауып, 113 тұрғын жараланды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанда кеше өткен президенттік сайлау кезінде лаңкестердің шабуылынан 32 адам қаза тауып, 113 тұрғын жараланды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Дауыс беру учаскелеріне 113 шабуыл жасалған. Олардың 64-ін "Талибан" радикалды қозғалысы мойынына алды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, кеше Ауғанстан халқы ел президентін сайлады. Саяси шара 2001 жылы "Талибан" радикалды қозғалысы биліктен құлатылғалы бері 4-рет өтіп отыр. Бұл жолғы додаға 14 үміткер түсті. Олардың арасында елдің қазіргі президенті Ашраф Гани мен Премьер-министр Абдулла Абдулла бар.

Сайлаудың алғашқы қорытындысы 19 қазанда, соңғы нәтижесі қарашаның 7-сі күні жарияланады. Егер ешбір кандидат сайлаушылардың басым дауысына ие болмаса қарашаның 23-і күні екінші тур өтеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная