ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2021 | 18:10
Ауғанстаннан 200-ден аса этникалық қазақ эвакуациялануы мүмкін
Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Талғат Қалиев Ауғанстаннан бізге 200-ден аса этникалық қазақ көшірілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Талғат Қалиев Ауғанстаннан бізге 200-ден аса этникалық қазақ көшірілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Президент этникалық қазақтарды отанына қайтаруға тапсырма берді. Қазір Қазақстан елшілігінің барлық ресурсы осы жұмысқа жұмылдырылды. Қазақстан елшілігінің мәліметі бойынша, онда шамамен 13 отбасы бар. Бұл 200 адам. Бұл көрсеткіш өсуі де мүмкін", - деді Талғат Қалиев.
Елші бұл процесс уақытты қажет ететінін, өйткені тұрғындар ұлтын растайтын құжаттарды елшілікке ұсыну қажет екенін айтты.
"Бұл комиссияда қаралады. Мемлекет басшысы барлық рәсімді жеделдетуді тапсырды. Айта кетейік, бұл әркімнің ерікті тілегі - елден кету немесе қалу. Жақын арада олар Ауғанстаннан кете алады деп үміттенеміз. Ондағы қазақтардың нақты санын анықтау қиын", - деді Талғат Қалиев.
Арнайы өкіл сол жерде елшіліктің қызметкерлеріне іздеуде көмектесетін қазақ диаспорасының белсенділері бар екенін айтты. Мәлімет бойынша, адамдар елдің әр өңірінде тұрады. Оның барлығын жинау үшін байланыс пен көлік тапшылығы қиындық тудырады.
"Елшілік қазақтарды ғана емес, қазақстандықтарды да табу үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Коммерциялық рейстер қайта басталады деп үміттенеміз. Қажет болса, біз арнайы борттың жіберілуін қарастырамыз. Біздің ақпаратымыз бойынша, Ауғанстанның жаңа билігі бұл жұмысқа кедергі келтірмейді", - деп түйіндеді Талғат Қалиев.
Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы ел елшілігіне этникалық қазақтар екенін айтып біраз адам келгенін хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также