ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2020 | 13:23
Ауғанстанның вице-президентіне қастандық жасалды
Кабулда Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрулла Салехке қастандық жасалды, - деп хабарлайды Reuters.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кабулда Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрулла Салехке қастандық жасалды, - деп хабарлайды Reuters.
Болжам бойынша, жарылысты террорист ұйымдастырған. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 12 адам жарақат алды.
"Бүгін Ауғанстанның жауы Салехке тағы да зиян тигізуге тырысты, бірақ ол сәтсіз болды. Вице-президент аман-есен", - деді шенеуніктің өкілі.
Айта кетейік, Ауғанстанның бірінші вице-президентіне осыған дейін де бірнеше рет қастандық жасалған болатын. 2019 жылы белгісіз біреулер оның партиясының кеңсесін жарып жіберген еді, салдарынан 20 адам қаза тапқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также