Аустралияда ұшақ апатынан ұлыбританиялық миллионер қаза тапты

Аустралияда ұшақ апатынан ұлыбританиялық миллионер қаза тапты

?лыбританиялы? Compass Group кейтеринг компаниясыны? ат?арушы директоры Ричард Казинс пен оны? туыстары Аустралияда ?ша? апатынан ?аза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұлыбританиялық Compass Group кейтеринг компаниясының атқарушы директоры Ричард Казинс пен оның туыстары Аустралияда ұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бір моторлы DHC-2 Beaver ұшағы 31 желтоқсанда Аустралиядағы Хоксбериде өзенге құлаған. Бортта болған барлық алты адам - бір пилот пен бес жолаушы қаза тапқан. 

"Ричард Казинс пен оның төрт туысы 2017 жылдың 31 желтоқсанында Аустралияда ұшақ апатынан қаза тапқанын қайғырып, хабарлаймыз", - делінген компанияның мәлімдемесінде. 

Жарнама
Жарнама

Компания директорлар кеңесінің төрағасы Пол Уолш оқиғаға байланысты көңіл айтты. "Сұмдық жаңалықтан шошынып, қайғырамыз. Compass Group компаниясындағылардың барлығы Ричардтың отбасы мен достарына көңіл айтады", - деді Уолш.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама