ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2022 | 14:41
Аустралияда мыңға жуық медбике наразылыққа шықты
Аустралияда төмен жалақы мен ауыр жұмыс жағдайына наразылық білдірген мыңдаған медбике наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Аустралияда төмен жалақы мен ауыр жұмыс жағдайына наразылық білдірген мыңдаған медбике наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында мемлекеттік ауруханалар мен емханалардың бірнеше мың қызметкері жалақы көтеру мен жұмысшылардың қауіпсіздігін талап етіп наразылыққа шықты.
Мемлекеттік медбикелер мен акушерлер қауымдастығы (NSWNMA) наразылыққа өңірдегі мұғалімдер кәсіподағы мен Аустралияның біріккен одағы қолдау көрсеткенін айтты.
Медбикелер мен акушерлер жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі Доминик Перротт медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу туралы шағымдарын тыңдап, COVID-19 шиеленіскен мемлекеттік ауруханаларда, клиникаларда және перзентханаларда кадрлардың жетіспеуіне назар аударады деген үмітпен осындай шараға барған.
Сонымен қатар, мемлекеттік емхана қызметкерлері пандемия кезінде үкімет уәде еткен жалақы көтеру мәселесін талап етті.
Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, наразылыққа ондаған мемлекеттік аурухананың 5 мың медбикелері мен акушерлері қатысты, бірақ олардың көпшілігі түстен кейін қызметтеріне оралған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также