Аустрия канцлері Ауғанстаннан босқын қабылдамайтынын айтты

Камила Долаева Журналист
Фото: ria.ru

Аустрия канцлері Себастьян Курц ел Ауғанстаннан босқындарды қабылдамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аустриялық Puls 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Аустрия канцлері Себастьян Курц ел Ауғанстаннан босқындарды қабылдамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аустриялық Puls 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Канцлер елде онсыз да 40 мың ауған босқыны өмір сүріп жатқанын атап өтті. 

"Аустрия - ауған қауымдастығы ең үлкен елдердің бірі. Бүкіл Еуропа бойынша ауғанстандықтарды бізден көбірек қабылдаған бір ғана ел бар, бұл - Швеция. Мен қазір өз еркімізбен көп адам қабылдауға үзілді-кесілді қарсымын. Мен канцлер болып тұрғанда, мұндай жағдай болмайды", - деді Курц.

Реклама
Реклама

Саясаткердің айтуынша, Аустрия басқа елдермен қатар Ауғанстандағы адам құқықтарын сақтау жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

"Тәліптердің қатал екені сөзсіз. Бұл өмір сүру жағдайы нашар елдердің бірі екені де сөзсіз. Менің ойымша, біз жағдайды, әсіресе әйелдердің құқықтары мен халықтың қауіпсіздігін жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек", - деді ол.

Бұған дейін Өзбекстан Ауғанстаннан келген 150 босқынды қайтарған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная