30 қараша 2021 | 11:11

Австрия билігі вакцина салдыртуға қарсы шыққандарға ірі көлемде айыппұл салады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©REUTERS

Австрияда коронавирусқа қарсы вакцина салдыртудан бас тартқандарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kronen Zeitung сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Австрияда коронавирусқа қарсы вакцина салдыртудан бас тартқандарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kronen Zeitung сайтына сілтеме жасап.

Басылымда Австрия билігі заң жобасын дайындағанын, соған сәйкес COVID-19-ға қарсы міндетті вакцина алудан бас тартқан ел тұрғындары 7200 еуроға (3,5 миллион теңге) дейін айыппұл төлеуі керек екенін хабарлады. Сондай-ақ, вакцина алу үшін қабылдауға келуден бас тартқан кез келген адам аудандық әкімшілік органға шақырылуы тиіс. Егер адам бұл хабарламаны елемейтін болса, онда екінші сұрау төрт апта ішінде жіберіледі. Үшінші рет вакцинадан бас тартқан адамға 3600 еуро (1,7 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе төрт аптаға бас бостандығынан айырылады. Кейінгі бас тартқанында айыппұл 7200 еуроға дейін артуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, заң қабылданған жағдайда 2022 жылдың ақпанынан бастап күшіне еніп, үш жыл бойы күшінде болады.

Реклама
Реклама

Кейінгі уақытта Австрияда COVID тіркелген жағдайлардың саны артып келе жатқаны атап өтілді. Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық орталықтың мәліметінше, Австрия халқының шамамен 65 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алған, бұл - Лихтенштейннен басқа Батыс Еуропаның барлық елдерінің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Бұрын Австрияда ресми түрде COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандар үшін локдаун енгізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная