ПОДЕЛИТЬСЯ
28 мамыр 2022 | 10:26
Австрия канцлері Путинге ультиматум қойды
Австрия канцлері Карл Нехаммер 27 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Австрия канцлері Карл Нехаммер 27 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Канцлердің сөзінше, ол Путинге "Газпром" Хайдахтағы (Австрия аймағында - еск.) газ қоймасын пайдаланбаса айырылатынын айтқан.
"Оның тарапынан барлық жеткізілім толығымен орындалатынын айтты. Егер "Газпром" газ қоймасын пайдаланбаса айырылып қалатынын, басқа энергия жеткізушілерге берілетін болатынын айттым", - деді Нехаммер журналистерге Ресей басшысымен сөйлескеннен кейін.
Канцлер Ресей басшысымен Украинадағы соғыс туралы әңгіме "қарқынды және ауыр" болғанын атап өтті. Кремль басшысы Украинамен тұтқындарды алмасу мәселесі бойынша келіссөзді белсенді жүргізуге дайын екенін жеткізген. Сонымен қатар, Нехаммердің сөзінше, Путин Халықаралық Қызыл Крест комитетіне Украинаның әскери тұтқындарына қол жеткізуге рұқсат беруге келіскен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также