15 қараша 2021 | 09:35

Австрияда COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарға арнайы локдаун жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©REUTERS

Австрияда екпе алмаған азаматтар үшін оқшаулау режимі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Австрияда екпе алмаған азаматтар үшін оқшаулау режимі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Австрия канцлері Александр Шалленберг мәлімдеді. Ол COVID-ға қарсы вакцинаны толық алмаған адамдар дәрігерге бару, азық-түлік сатып алу, жұмысқа бару немесе екпе алу сияқты белгілі бір мақсаттар үшін үйлерінен шығуға рұқсат етілетінін түсіндірді.

"Біз вакцинация деңгейін көтеруіміз керек. Біздегі көрсеткіш өте төмен, бұл ұят", - деді Шалленберг жаңа шараны жариялаған баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Шалленберг ел мемлекеттерінің үкімет басшыларымен кездесуінде қабылданған шешімге сәйкес, рейдтік тексерулер жүргізіледі. Сондай-ақ Австрияның денсаулық сақтау министрі Вольфганг Мюкштейн үкімет денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін адамдар үшін вакцинация талабын енгізетінін айтты, бірақ бұл ережелер қашан күшіне енетінін нақтыламады.

Шалленбергтің айтуынша, ел халқының үштен біріне жуығы немесе екпе алмаған екі миллионға жуық азамат өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр болады.

Соңғы уақытта Австрияда COVID-19 жұқтырғандар санының артқаны байқалады. Сенбіде коронавирустың 13 152 жаңа жағдайы тіркелді, бұл бір күн бұрын 11 798-ге өсті.

Еуропалық ауруларды алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша, Австрия халқының шамамен 65 пайызы коронавирусқа қарсы толық вакцинацияланған, бұл Лихтенштейннен басқа Батыс Еуропадағы кез келген елдегі ең төмен көрсеткіш.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная