11 шілде 2022 | 10:23

Австрияда "Формула-1" жарысы кезінде Ferrari көлігі өртеніп кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

"Формула-1" көшбасшыларының бірі Карлос Сайнстың көлігі Австрияда өтіп жатқан Гран-при жарысында өртеніп кетті. Оқиға жарыстың аяқталуына 13 айналым қалғанда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Формула-1" көшбасшыларының бірі Карлос Сайнстың көлігі Австрияда өтіп жатқан Гран-при жарысында өртеніп кетті. Оқиға жарыстың аяқталуына 13 айналым қалғанда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарыстың 58 айналымында Ferrari жүргізушісі Сайнс командаласы Шарль Леклермен Red Bull жүргізуші Макс Ферстаппеннен кейін үшінші келе жатқан. Алайда ол жарыс жолынан шығып кеткен. Автокөлік қозғалтқышы тоқтағаннан кейін бірден жана бастайды. Көлікті тоқтатуға тырысқан Сайнс ұзақ уақыт бойы рөлді жібермей, жанып жатқан көліктің ішінде отырған.

Кейін ол құтқару тобымен дөңгелекті бұрап, көлікті тоқтатып үлгерді. Осыдан кейін ғана Сайнс көліктен шықты.

Реклама
Реклама

Сайнс жарақат алмағанымен жарыстан кетуге мәжбүр болды.

"Қозғалтқышта ақау болуы мүмкін деген белгі болған жоқ - бәрі кенеттен болды. Қазір айтарға сөзім жоқ - мен көп ұпай жоғалттым, командамен тамаша нәтижеге қолжеткізе алар едік - біз жеңіс дублін оңай алар едік. Көлік өртенді, сондықтан шығын ауыр. Жағдайдың себептерін түсіну керек. Мұндай нәтижені қабылдап, жаңа парақ ашудан басқа амалым жоқ", - деп келтіреді f1news.ru жүргізушінің сөзін.

Айта кетейік, оның әріптесі Чарльз Леклер "Формула-1" көшбасшысы Макс Ферстаппенді басып озып, жарыста жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная