02 қыркүйек 2021 12:38

Әйелдер үкіметте лауазымды қызметтер атқара алмайды - "Талибан"

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) әйелдердің министрлік және одан жоғары лауазымдарды атқара алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inews басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) әйелдердің министрлік және одан жоғары лауазымдарды атқара алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inews басылымына сілтеме жасап.

Дохадағы "Талибан" саяси кеңсесі басшысының орынбасары Шир Мохаммад Аббас Станикзай бұл жағдайға қарамастан, Ауғанстандағы әйелдер Үкіметте кіші лауазымдарды атқара беретінін айтты.

"Мемлекеттік министрліктердің әрбір департаментінде жұмысшылардың жартысына жуығы әйелдер. Олар өз жұмысына оралуы мүмкін. Бірақ жаңа үкіметте жоғары лауазымға әйелдер отыра алмайды", - деді тәліптердің жоғары лауазымды қызметкері.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, осыған дейін АҚШ-пен жұмыс істеген әйелдер мемлекеттік лауазымдарды мүлдем атқара алмайтынын ескертті.

Нима Суратгар, Ауғанстан парламентінің кандидаты / © REUTERS

Сөз соңында Шир Мохаммад Аббас Станикзай алдағы күндері жаңа үкіметтің құрамы жарияланатынын айтты. Осы кезеңде Кабул әуежайы жұмысын қайта бастауы керек.

Бұған дейін тәлептер Ауғанстанда жұмыс істейтін әйелдерге елде қауіпсіздік толық қамтамасыз етілгенге дейін үйде болуға және жұмысқа бармауға бұйрық берген болатын. Қозғалыс өкілінің айтуынша, қауіпсіздік күштері әйелдермен қалай сөйлесуді білмейді.

Жақында БАҚ "Талибан" құрған Ауғанстан үкіметінде жаңа тағайындаулар болып жатқаны туралы хабарлады. Қазіргі уақытта үш негізгі министрдің есімдері белгілі.

Сондай-ақ, қозғалыс өкілдері Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейін алғаш рет өздерінің көшбасшысы Хайбатулла Ахундзаданың суретін жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram